Кім еді бұл арыстан?

Бұл бетте «Кім еді бұл арыстан?» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

– Ор қаласы маңында,
Нұралы хан шағында,
Азаттық үшін алысқан
Іздемей жауын алыстан
Он жеті жыл ұдайы
Ақ патшамен соғысқан
Кім еді бұл арыстан?
– Қараша елдің жақыны,
Қазағымның батыры
Жері үшін басын тіккен бұл
Сырым бабам Датұлы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері