Ұлытау
Бұл бетте «Ұлытау» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
“Ұлытауға шықтың ба?
Ұлар етін жедің бе?”
Халық нақылы.
Алашым жиып ұлысын,
Атқаратын ұлы ісін,
Киелі тау – Ұлытау
Елім деген ұл үшін.
Ашсаң тарих көмбесін,
Қазынасын көресің.
Осы жерде қастерлеп,
Хан көтерген төресін.
Сырын бүкпес досынан,
Алаша хан, Жошы хан
Мазарлары бұл күнде
Куә болар осыған.
Бірлігімнің бастауы,
Елдігімнің бас қамы,
“Таңбалы тас” мұндағы
Ұлы жеңіс асқары.
Кілең жақсы, игісі,
Ерлері мен белдісі
Бас қосатын Ұлытау
Ұлылықтың белгісі.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі