Фирдауси
Бұл бетте «Фирдауси» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бар игі тілекпен,
Ақындық жүрекпен,
Иран мен Тұранның
Тарихын жыр еткен.
Шежіре, ұлы ақын,
Ардақтап біл атын.
Жыр жазған төрт мың жыл
Тарихтан тұратын.
Шырқатып шатты әнін,
Шайқасты шақтарын,
Өмірін қамтыған
Елудей патшаның.
Ту еткен ар шыңын,
Ақыны парсының –
Фирдауси жырлаған
Тарихтың бар шынын.
«Шаһнама» еңбегі
Ұлы аңыз елдегі.
Ұрпаққа жалғасып,
Ұлы ақын ерледі.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі