— Немене өзі юнга?
Біз білмейтін ұйым ба?
Тұтынатын бұйым ба?
Бас қосатын жиын ба?!.
— Юнга деген, жарқын дос,
Ол – кәсіпке кіріспе.
Юнга – кіші матрос,
Машықтанар бұл іске.
Асау мұхит өрлігі –
Толқындармен сырласқан
Теңізшілер ерлігі
Өз алдына бір дастан.
Әскери-теңіз күштері
Бiзде де бар, Ақтауда.
Алға басып істері,
Ел сенімін ақтауда.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі