Ермұхан Бекмаханов

Бұл бетте «Ермұхан Бекмаханов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Халқым деп туған жандарды
Тексізге теліп кіл жаман.
Айтқызбай би мен хандарды,
Тұмшалап келген сұм заман.
Отаршыл жауды мансұқтап,
Ел ертеңін жаны ұққан,
Хандарымды айшықтап,
Оқулық жазған тарихтан.
Тарихшыма тағылып,
Ұлтшыл деген айдары,
Абақтыға жабылып,
Итжеккенге айдалды.
Жазғаны үшін ақиқат
Шежіресін қазақтың,
Озбырдан көріп машақат,
Отына күйген тозақтың.
Тарихшы-ғалым, есіл ер
Кез келіп күйге жан шошыр
Шежіре болып шертілер
Жазылмай қалды қанша сыр?!.


Ермұхан Бекмаханов (1915–1966) – «Қазақ ССР тарихы» оқулығын жазуға қатысқан (1943 ж.) тарихшы-ғалым. Кенесары көтерілісі баяндалатын «Қазақстан XIX ғ. 20–40 жылдарында» атты монографиясы (1947 ж.) үшін 1952 жылы «ұлтшыл-буржуазияшыл» деген желеумен 25 жылға сотталып, Итжеккенге айдалған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері