Жүсіпбек Аймауытов

Бұл бетте «Жүсіпбек Аймауытов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қазақтың жоқтап мұң-зарын,
Аштықтан қорғап ұлдарын,
Қиямет-қайым заманның
Құрбаны болған шын дарын.
Көрікті ойдың шебері,
Роман нағыз қолы еді.
«Ақбілек» пен «Қартқожа»
Алғашқы проза төлі еді.
Дүлдүлді, сандал, қыл сағақ
Өшірмек оймен тұл санап,
Ақтаңдақ атты тас бұғау
Елу жыл келді тұмшалап.
Өнеге – ұрпақ, жас ұлға,
Айырбасталмас асылға –
Еңбегі елмен қауышты
Тұп-тура жарты ғасырда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері