Жаһаншаһ Досмұхамедов
Бұл бетте «Жаһаншаһ Досмұхамедов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мақсатын қойып ең алға,
Қарамай бөгет, қамалға,
Оқу орнын питердің
Бітірген алтын медальға.
Бойда жігер, мол дарын
Заңгері Алашорданың,
Әрі шешен білімдар,
Ойлаған жер мен ел қамын.
Басқарған Батыс Орданы,
Ғұлама ойдың қормалы,
Қанқұйлы қызыл қасаптың
Құрбаны болды ол дағы.
Титтей түйіндеме:
Жаһаншаһ Досмұхамедов (1887–1938) – заңгер, саяси қайраткер, реформатор. 1910 жылы Санкт-Петербургтегі император университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. 1938 жылы 3 тамызда КСРО ІІХК (НКВД) Басқармасы жанындағы (Мәскеу облысы бойынша) «үштіктің»* үкімімен атылған.
*«Үштік» – үш адамның куәландыруымен кесілетін үкім.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі