Иманжүсіп Құтпанұлы
Бұл бетте «Иманжүсіп Құтпанұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Батыр бір оқтық».
— Халық нақылы.
Алдаспандай жарқылдап,
Шаршы топта озатын.
Атан жілік, нар тұлға,
Өзі балуан, өзі ақын.
Құстың баптап алғырын,
Аттың мінген күлігін.
Көре алмай жау салдығын,
Теліп жаттың бүлігін.
Ер мінезді, бейбақтау
Даланың сал-серісін,
Этаппенен айдатты-ау
Қылмыс санап өр ісін.
...сонда өткізіп көп күнді,
Оралған-ды «жаңарып».
Тау суындай екпінді
Жырын алып тәбәрік.
Жүріп сақшы сапында
Қызыл керуен қорыған,
Жазым болды қапыда,
Қарақшының оғынан.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі