Міржақып Дулатов
Бұл бетте «Міржақып Дулатов» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлемге аты аян көп
Аралап елді, жер шалған.
«Оян, қазақ!» Оян, – деп,
Қалғыған жұртқа жар салған.
Мінезі өткір, тура, тік,
Қырандай ұшқыр қиялы,
Міржақып атаң Дулатов –
Бірі еді ердің зиялы.
Қазаққа теңдік сұраған.
Жазмышқа сол-ақ жазғаны.
Бір кітап, бір роман
Соңында қалды жазғаны.
Көгертпек болған қазақты
Арманы асқақ, батыл жан,
Аңсағаны үшін азаттық,
Ұнамай жатқа атылған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі