Насихат Сүгірұлы
Бұл бетте «Насихат Сүгірұлы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
«Абақтының ақ үйі
Шілтерлі темір сауытша.
Үсті темір, асты тас,
Жамбасқа тиді мамықша».
— Насихат Сүгірұлы
1916 ЖЫЛ
Қиын-қыстау өткелі
Ақын еді төкпелі.
Окоп қазуға алынып,
Бір жылдай елден шеттеді.
«Айдады патша жыраққа»
Сондағы шерді төккені.
1930 ЖЫЛ
Күндестің қысып толғағы,
Еркіндік ұшты қолдағы.
Абақтыға қамалып,
Қиямет-қайым орнады.
«Еділ, Жайық – екі су»
Сондағы ұзақ толғауы.
1937 ЖЫЛ
Екі жыл таңын атырған
Абақты аздай, антұрған
Қастары қамап, қапылған
«Үштікпен» үкім шақырған.
Ақиық ақын осылай
Отыз жетіде атылған.
Титтей түйіндеме:
Насихат Сүгірұлы (1889-1937) – ақпа ақын. 1930 жылы 22 ақпанда жазықсыз қамауға алынып, әуелі Астраханда, кейіннен Атырау түрмесінде азап шегеді. 1937 жылы екінші рет тұтқындалып, сол жылы қараша айының 22-ші жұлдызында «үштіктің» шешімімен ату жазасына кесіледі.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі