Ереже
Бұл бетте «Ереже» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Денсаулыққа кепілді
Ереже бар не түрлі.
Талдап, талғап көрсейік
Бастыларын өтімді.
Жолаттырмас тәніңе
Ауру-сырқау, індетті,
Қатысы бар бәріңе
Ереже бұл міндетті.
1. Қол жууды ұмытпау
Құлағың сал, ал тыңда,
Ботақаным тұлымды,
Ас ішердің алдында
Ұмытпа қол жууды.
Айналдыра біл де оны
Әдет, мінез-құлыққа,
Ойыннан соң үнемі
Қол жууды құнытта.
2. Тіс күтімі
Бөлек мінез, бітімі
Сәби болсаң түсінер,
Жеке бастың күтімі
Басталады тісіңнен.
Екі уақыт күніне
Тісімізді жуамыз.
Маңайлатпай біріне,
Тісжегіні қуамыз.
3. Сусебезгі серігің
Төтеп берер қиынға
Болғың келсе, төзімді,
Күнде суға құйын да,
Сергек ұста өзіңді.
Сусебезгі күнделік
Болса сүйер серігің,
Саулығыңа тым берік
Кәміл менің сенімім!
4. Бой жазу
Жүріп-тұру есеппен
Денсаулыққа пайдалы іс.
Ерте тұр да төсектен
Бой жазумен айналыс.
Жаттығуды үш-төрттен
Қайталап тез, құрыспай,
Шұғылдан да спортпен,
Шынығып өс құрыштай.
5. Таза тыныс, таза ауа
Ластама, былғама
Айналаңды қоршаған.
Таза тыныс, таза ауа
Сыйлайтұғын сол саған.
Үйір болар ласқа
Микроб та, уыт та.
Ұйытқы бол да, классқа
Кір-қоқысты жуытпа!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі