Мен оқушы атандым

Бұл бетте «Мен оқушы атандым» атты Арасанбай Естенов жазған білім туралы өлең берілген.

Ұқсатпа мені басқаға,
Есейдім, жеті жастамын.
Қош айтып енді бақшаға
Мектепке жолды бастадым, бастадым.

Қайырмасы:
Еркесі едім атамның,
Еркесі едім апамның.
Толып биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Мен оқушы атандым.

Құралдарым бек керім, бек керім,
Міне, сынып, мектебім, мектебім.
Тісім кетік болғанмен,
Білетінім көп менің.

Қайырмасы:
Еркесі едім атамның,
Еркесі едім апамның.
Толып биыл жетіге
Мен оқушы атандым
Мен оқушы атандым.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері