Ол – ұстазың сүйікті
Бұл бетте «Ол – ұстазың сүйікті» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 24.09.2026
- 0
- 0
- 2287
Ата-анаңнан кейінгі,
Екінші адам өмірде.
“Бала бол - деп - зейінді”,
Мейір құйған көңілге.
Жаттаттырып Әліппе,
Үйрететін әнін де.
Жаттықтырып әріпке,
Баулыр сені тәлімге.
Қайырмасы:
Тәрбиелі, білікті,
Ол – ұстазың сүйікті.
Тәрбиелі, білікті,
Ол – ұстазың сүйікті.
Бабалардың ұлы ісін
Шежіреден ағытар,
Әдептілік үлгісін,
Өн бойынан танытар.
Қайырмасы:
Тәрбиелі, білікті,
Ол – ұстазың сүйікті.
Тәрбиелі, білікті,
Ол – ұстазың сүйікті.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі