Жаңа жыл жыры
Бұл бетте «Жаңа жыл жыры» атты Арасанбай Естенов жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Аула да аппақ, қыр да аппақ,
Қар жауады сырғақтап.
Жаңа жылды қарсы алдық
Шырша жайлы жыр жаттап.
Қайырмасы:
Ортамызда шыршамыз, шыршамыз,
Бастап бізді Қарша қыз, Қарша қыз,
Ойын ойнап, ән салып,
Би билейміз баршамыз.
Білмей шаршау дегенді,
Айттық тақпақ, өлеңді.
Аяз Ата, бөгелмей,
Ортамызға кел енді.
Қайырмасы.
Көбелек те, гүл де – біз,
Шадыман, шат күйдеміз.
Есейеміз бір жасқа
Жаңа жылмен бірге біз.
Қайырмасы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі