Наурыз тойы
Бұл бетте «Наурыз тойы» атты Арасанбай Естенов жазған мерекеге арналған өлең берілген.
Асыр салып шуақта
Қозы-лақтар ойнайды.
Сылдыр қағып бұлақ та
Наурыз тойын тойлайды.
Қайырмасы:
Жаңғырып бар тіршілік,
Түрленді де дала, қыр.
Дүниені жыршы ғып,
Келді өлкеме Жаңа жыл!
Сүйіншілеп шабайын,
Қанат қақсын бала жыр.
Құтты болсын, ағайын,
Ұлыс күні – Жаңа жыл!
Қайырмасы:
Жаңғырып бар тіршілік,
Түрленді де дала, қыр.
Дүниені жыршы ғып,
Келді өлкеме Жаңа жыл!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі