Қанат қағар
Бұл бетте «Қанат қағар» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Мектеп бітірушілер әні)
Кеше ғана бала едік,
Табалдырық аттаған.
Бүгін міне, түледік,
Қыран құстай баптаған.
Ұланбыз тартар сыйы алда,
Арқалар заман жүгін де.
Түлегің болып қиянға
Ұшқалы тұрмыз бүгінде.
Қайырмасы:
Шарқ ұрып көңіл сабылар,
Бал дәурен шақты қия алмай.
Ұжмақ үй қайдан табылар }(2 рет)
Мектебің – ыстық ұяңдай.
Анамыздай аялап,
Өсіріп, баулып жеткізген.
Ұстаздар – жаны сая бақ,
Рақмет сізге көп бізден.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі