Асыл жан

Бұл бетте «Асыл жан» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Орны бөлек ананың,
Ол – өмірлік қастерлің.
Құдай қолдар қадамын
Ана сыйлап өскеннің.

Қайырмасы:
Ай, жұлдызы көгіңнің,
Күн мерейлі гүлді өңі.
Күллі жарық өмірдің
Ана - алтын діңгегі,
Ана – ана!

Сондықтан да анаңды,
Бақ-дәулетке қимай еш,
Парасатпен бағамды
Мәңгі-бақи сыйлап өс.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері