Таудай болып өсеміз
Бұл бетте «Таудай болып өсеміз» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Ер балалар хорына арналған)
«Таудай бол!» – дер атам да,
«Таудай бол!» – дер апам да.
Асқар таудай жігіттер
Қажет дейді Отанға,
Қажет дейді Отанға.
Қайырмасы:
Жаттап ертек, мол аңыз,
Өсіп, өніп тола біз,
Алатаудай айбынды }(2 рет)
Ел қорғаны боламыз.
Желкілдеген баудай көк,
Балдырғандар балдай көп –
Өсіп келе жатырмыз
Бір-бір асқар таудай боп,
Бір-бір асқар таудай боп.
Қайырмасы:
Жаттап ертек, мол аңыз,
Өсіп, өніп тола біз,
Алатаудай айбынды
Ел қорғаны боламыз.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі