Үш
Бұл бетте «Үш» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қазанның бір қосағы –
Қазағымның ошағы,
Мосысы да ұстаған
Үш аяқты – үш таған.
Үштік барда – тұғыр бар
Деп әрқашан ұғыңдар.
Басын бусаң – үш қада
Ұқсап шығар қосқа да.
Қарама оған үстірт тым,
Бірлігі мол үштіктің.
Қолдан бермей намысты,
Тындырады ол бар істі.
Үшбұрышта – қатаңдық,
Деген сөзді мақал ғып.
Түйін түйген шебер де
Үшке қарсы келер ме.
Сондықтан да бабалар:
Абызы бар, дана бар
Медет көріп сан одан
Киелі деп санаған.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі