Үш қуат

Бұл бетте «Үш қуат» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тыңдасаң ата нақылын,
Бірінші қуат – ақылың.
Ақылмен шешсең болмайды
Алынбас қамал, шақырым.
Екінші қуат – жүрегің,
Оның да бойлап, біл емін.
Құлатпас жардан сені ол,
Түсіне білсең тілеуін.
Үшінші қуат – тіліңде,
Қадірін оның біліңдер.
Ардай сақтап әрдайым,
Кір шалдырмай жүріңдер.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері