Ер кезегі

Бұл бетте «Ер кезегі» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бабаларым зерделеп,
Күйдірмеске өзегін,
Берген екен ерге де
Үшке дейін кезегін.
Жығылсаң жер көтерер,
Ер кезегі – үш деген.
Бола алмайды төтен ер,
Жекпе-жекке түспеген.
Толқып небір шеберлер,
Қалмас үшін күш тежеп,
Спортта да берілер
Үш мүмкіндік – үш кезек.
Ер кезегі – бар бағың,
Тауды бұзар арын шақ.
Кезегіңді ал дағын,
Күшің сына барың сап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері