Үш көз

Бұл бетте «Үш көз» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құлақ – сөздің анасы,
Жұртқа салар жария.
Бұлақ – судың анасы,
Бастау алар дәрия.
Тұяқ – жолдың анасы,
Тыңнан тартар сүрлеуін.
Үш көз осы, санашы,
Ұят мұны білмеуің.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері