Үш жұрт
Бұл бетте «Үш жұрт» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Зейін сап, өзің парықта,
Артығы жоқ біліктің.
Қазақы біздің салтта
Үш жұрты бар жігіттің.
Өмірдің адам қонағы,
Үш жұртқа жақсаң ұлысың.
Алғашқы жұртың болады
Өз жұртың – жақын туысың.
Отырар асын дайын ғып,
Келер деп күйеу бір күні.
Екінші жұртың – қайын жұрт,
Жарыңның туыс, төркіні.
Үкілер сен деп үмітін,
Қадірлей білсең бағасын,
Үшінші жұртың, жігітім,
Тілеуқор сенің нағашың.
Осылардың төрінде
Шапағатқа бөленіп,
Үш жұртыңмен өмірде
Көктейсің бір көгеріп.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі