Өре

Бұл бетте «Өре» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Биік болса өрісті,
Жігіттің ой-өресі.
Өнегелі, келісті
Адамның ол төресі.
Бұл – кісілік өресі.
Төрт тіреуіш көтерген
Шиден тұрар төбесі,
Апамның бар ежелден
Құрт жаятын өресі.
Бұл – тұрмыс-салт өресі.
Атқа салар сүреңді
Енді бірі келесі –
Өрелейтін күреңді
Атамның бар өресі.
Бұл – әбзелдік өресі.
Демек, міне, өренің
Үш мәнді, үш түрі бар.
Сырын ұғып сен оның,
Бәрін-бәрін біліп ал.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері