Қиындықпен түбінде
Қанжығаңа байланар.
Жақсы баға – білімде
Ырысыңа айналар.
Төрттік саны – ұжмағың,
Төрт құбылаң сай болар.
Төрткүл дүние жұмбағын
Білсең, жаның жайланар.
Тәлімі мол – сертті хат,
Бойтұмар боп тағылар.
Көктен түскен төрт кітап
Деген ұғым тағы бар.
Сырын бұлар жайының
Біліп өсу парызың.
Үлкендерге ол – қайырым,
Ұлыларға – тағызым.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі