Төрт құбыла

Бұл бетте «Төрт құбыла» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сұрақ:
Қолданылар кең елде
Тіркес болып келелі.
«Төрт құбыла» деген не?
Жауабын кім береді?

Жауап:
Айтар болсақ дәл түстеп,
Бұл тіркестің аты шын:
Оңтүстік пен Солтүстік,
Шығысың мен Батысың.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері