Бес қару
Бұл бетте «Бес қару» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өзі келіп ұрынған
Дұшпандардың «дәруі»,
Саналатын бұрыннан
Бес қару – ер қаруы.
Мылтық, найза, садаққа,
Айбалта мен қылышқа,
Сеніп бабам әруақта
Кірген талай ұрысқа.
Бес қаруын сай ұстап,
Өтеп ерлік борышын.
Жекпе-жектей сайыста
Қорғаған ел, қонысын.
Жеңіп шығып түбінде
Ел атандық бағы бар.
Бес қару тек бүгінде,
Мұражайдан табылар.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі