Жеті ата

Бұл бетте «Жеті ата» атты Арасанбай Естенов жазған ата туралы өлең берілген.

«Жеті атасын білмеген
Ұл болады жетесіз», –
Деген сөзді көнеден
Қалай аттап өтесіз.
Сөз екен деп тегін бұл,
Қоя салмай жай тыңдап,
Білу міндет тегіңді,
Жеті атаңды айқындап.
Ағайынның арасы
Жеті атаға толғанда,
Жиылып бар баласы,
Бата қылар бір малға.
Ел болғанын айғақтап,
Өз еншісі малы бар,
Құрмалдыққа ардақтап,
Ақ боз бие шалынар.
Дастарқанды мол жайып,
Жол сұраса өрені.
Ақсақалдар қол жайып,
Ақ батасын береді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері