Жеті жарғы
Бұл бетте «Жеті жарғы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отқа тіккен басын мың
Ел-жұртымен жаны бір,
Тәуке хандай асылдың
Мемлекеттік заңы бұл.
Қауіп-қатер жолатпай,
Орнатып бақ – нұрлы күн,
Сақтау үшін болаттай
Өз халқының бірлігін.
Баба жолын үйретіп,
Тәлімі мол тілекпен.
Жамандықтан жирентіп,
Имандықты ту еткен.
Қорғап адам мұратын,
Болмауы үшін нала-мұң.
Жеті баптан тұратын
Ұлы заңы даланың.
Өз әмірін қолдатқан
Қалыптасып Тәңірдей,
Әз Тәуке хан орнатқан
Заң екен бұл темірдей.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі