Жеті қазына

Бұл бетте «Жеті қазына» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мирас еткен бабалар
Мұраға зер салайық.
Өмір нәрі саналар
Қазынасын санайық.
Ер жігіт, сұлу жарымен,
Құмай тазы, тұлпары,
Өнер-білім нәрі мен
Түлеген қыран-сұңқары.
Жетінші – берен мылтығы,
Келсе бәрі бабына,
Көңіліңнің ынтығы,
Осы – жеті қазына.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері