Жүрегімнің бөлмесі
Бұл бетте «Жүрегімнің бөлмесі» атты Эльдар Ишберген жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хәлің қалай, амансыңба сүйгенім.
Бақыттысың, ал мен сорлы күйдемін.
Сен деп ашқан жүрегімнің бөлмесі.
Салқын басып, қараңғы бір күйге енді.
Кілтеніп тұр сен салған сол құлыппен.
Аштыра алмат талай жандар қылықпен.
Кілтін қайтар соңғы менің сұрауым.
Басқа бақыт кіргізейін құрықпен.
Жалдап жүрсің түрлі жүрек бөлмесін.
Пәтер ақы төлеудіде білмессің.
Тұрғын болдың аз-кем уақыт мағанда.
Жоламашы, қайтып енді келмессің.
Кең болды ма мен сыйлаған кеңістік.
Кем болды ма жұтып алар дем ыстық.
Қаңыратып бос қалдырдың кеудемді.
Жара қалды міне енді кемістік.
Аяқ баспай жан аяғы ертеден.
Бұл бөлмеден енді өзім жиркенем.
Естелікке толған әрбір бұрышы.
Жүк боп қалды түспейтін бір желкеден.
Ишберген Эльдар
24.09.2026
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі