Жетіқарақшы

Бұл бетте «Жетіқарақшы» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көк жүзіне байланған
Шоқжұлдыз бұл шөміштей.
Атына сай жайлардан
Сыр ұғарсың сен іштей.
Жеткен бізге әріден
Бұл бір аспан аңызы.
Хабардар боп бәрінен,
Білгеннің көп маңызы.
Темірқазық¹ - тұғырдан
Ұрламақ боп боз атты².
Бағзы сонау ғұмырдан
Жеті қарау жаза апты.
Алдай алмай дал қылып,
Момын, адал халықты.
Көк жүзіне мәңгілік
Шегеленіп қалыпты.
«Ұрлық түбі - қорлықты»
Пайымдатып бұл көпке,
Содан жеті ол «мықты»
Жұлдыз болып тұр көкте.

¹˒ ² Жұлдыз аттары


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері