Қос буынды құрасақ

Бұл бетте «Қос буынды құрасақ» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сауал:
Бір буыны жеңіске
Ұмтылдырып, бол дейтін.
Екіншісі – жеміске
Мәуеленіп, тол дейтін.
Таянғандай ақтық дем,
Өмір жасын шамалар.
Қауыштырар қарттықпен
Бұл қайсы сан, балалар?

Жауап:
«Жет» сөзі – үміт, бақ сынар.
«Тол-толы» – «піс» дегені.
Жет-піс деген сан шығар –
Қарттық өмір көгені.

Сауал:
Бір буыны – мұндардың
Қарын қамын жағалар.
Екіншісі – мыңдардың
Жалпы атауы саналар.
Маусым да боп сыналған
Біліміңді саралар.
Қос буыннан құралған
Бұл қандай сан, балалар?

Жауап:
Қарын қамы – тоқ болар,
Жалпы атауды сан делік.
Қоссақ, тоқсан шоқтанар,
Төрт тоқсанға дәл келіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері