Екі саннан құрамы,
Жөні бөлек мұның да.
Он екі айдан тұрады
Жылжып өтер жылың да.
Танылсын деп ісі елге,
Жаратқан соң бір Аллам.
Денеңдегі мүшең де,
Он екіден құралған.
Қазақтар – сөз дүлдүлі
Балаңдау қыз-желеңді
«Он екіде бір гүлі
Ашылмаған» деген-ді.
Салтымызға орныққан
Астарлы үлкен мәні бар,
Бұл санды да сондықтан
Жақсылап бір танып ал.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі