Қырық
Бұл бетте «Қырық» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байыптаулар құрып тың,
Зерделесең ғажабын,
«Қыдыр – деп - бірі қырықтың»
Текке айтпаған қазағым.
«Әйел қырық шырақты»
Деген сөз де бар тағы.
Қырық күн шілде тұрақты
Шіліңгірін артады.
«Дәмдес жанға пәниде
Қырық күн сәлем» берілмек.
Қырық күнде сәби де
Қырқынан шығып, керілмек.
Қылыш жасы жігіттің,
Қастерлі сан аса – бұл.
Кілтін тап та құлыптың,
Сыр сандығын аша біл.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі