Қырық шілтен

Бұл бетте «Қырық шілтен» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жаманшылық кей іске
Ұрындырмай, қорғар шын,
Ғайып ерен періште
Қырық шілтен қолдаушың.
Көлеңкедей сезіле,
Ажырамай бір елі.
Көрінбестен көзіңе
Дәл төбеңде жүреді.
Ізгілікке жол бастап,
Әр кез желеп-жебейді.
Кесепаттан қорғаштап,
Қиындықта демейді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері