Досым, қайдасың?

Бұл бетте «Досым, қайдасың?» атты Медет Сабазбеков жазған достық туралы өлең берілген.

Қалайсың, досым, қайдасың?
Көрінбегелі көп болды.
Алыстап кетті-ау арамыз,
Іздесек, қайдан табамыз?

Айтарым көп өзіңе,
Жиналып қалды көңілге.
Уақыт қалай өтіп кеткен,
Эх, өмір-ай, зымырап барасың.

Білсең ғой, досым-ау, хәлімді,
Ақтарып жүрмін жанымды.
Соңғы кезде ойға батып,
Жырға қостым бар мұңымды.

Іздесең егер сен мені,
Мекенжайым — сол баяғы.
Өзгермеген қара шаңырақ,
Аман жүрші, досым менің,
Кездесерміз бір күні.

Білсең ғой, досым-ау, хәлімді,
Ақтарып жүрмін жанымды.
Соңғы кезде ойға батып,
Жырға қостым бар мұңымды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер