Найзағай жарқылы
Бұл бетте «Найзағай жарқылы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Найзағай жарқылдаса
Жарқ етiп жан дүнием
Түлейдi жаңғырумен,
Армандарым айтардай маған сәлем
Көктемнiң жаңбырымен.
Найзағай жарқылынан
Қара бұлт жоғалады,
Ақша бұлт жаралады,
Дүниеге мөлдiр бiр нұр таралып
Жер жаһанның билiгiн сол алады.
Найзағай отпен осса жыртылатын,
Бұлт емес балғын жүрек!
Қалмайды ол қалғып, жүдеп,
Жаһанның жарқылымен оянады
«Дүние жаңғырды!» – деп.
Найзағай ойнағанда
Жарқ еткен сәл нұрымен
Дүние тазарардай шаң-кiрiнен,
Босардай иық бiткен бар жүгiнен.
Өкiнiш қылмас едiм өтсем егер
Жарқ еткен найзағайдың тағдырымен.
Асылы менiң жаным туыс болар
Оты бар, нұры бардың барлығымен!
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі