Алатау
Бұл бетте «Алатау» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түнедiк тауда.
Таң жақын,
Тұрлаусыз екен тауда түн,
Иектiң жатыр астында
Иiрген қойдай Алматың.
Райлап көктiң қабағы
Iңiрден iрең тарады.
Үркер де үркер жұлдыздар
Үйiрлеп үркiп барады.
Жатырмын шөпте шалқамнан,
Жер сызы өттi арқамннан.
Құбыладағы қом бұлттың
Күнгейiн күптеп өрт алған.
Кеудесiн нұрмен күрмеп бел,
Кемерге қонды күн – кептер.
Арқамнан өткен сызымен
Ыстық қой маған бұл бөктер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі