Осынау жиырма жасымда

Бұл бетте «Осынау жиырма жасымда» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Осынау жиырма жасымда
Қанша көңiлдi қалдырдым екен,
Қанша үмiттi талдырдым екен –
Жоқ есте.
Қатал ма уақыт расында,
Тентек жүрегiң жайланады екен,
Тентек күндерiң айналады екен
Елеске.
Қашан да мынау өмiрде
Қалады барлық жақсылықтарың,
Iзгiлiк толы пәк қылықтарың
Жадыңда,
Ұмытылады, тегiнде,
Жат қылықтарың – қақтаса жанды,
Жамандық иiсi жоқ болса мәңгi
Қаныңда.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері