Апа, менi оятшы ерте бүгiн

Бұл бетте «Апа, менi оятшы ерте бүгiн» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Апа, менi оятшы ерте бүгiн,
Баяғыдай қой жайсын тентек ұлың,
Бозторғайдың жадында жүрген болар
Ұя бұзар ылаңды еркелiгiм.
Мал жапырған жазықтың көкорайын,
Жалаңаяқ, жалаңбас аралайын.
Жусағанда жусанға жуас қойлар,
Жас шалғынға жантайып демалайын.
Қара шашым желменен желбiресiн,
Ту сыртымнан қарақтап, елжiрерсiң.
Туған жерге ұлыңның ынтық жанын
Сен түсiнiп, тек қана сен бiлерсiң.
Таң нұрында, даланың жаңбырында
Құштар ем ғой саяқсып қаңғыруға.
Қорықпа, Апа, мен саған ораламын
Табанымның тiкенiн алдыруға!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері