Түнгі саздар
Бұл бетте «Түнгі саздар» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тыңдап жатып шегiрткенiң шырылын,
Сәл мызғышы, көздiң алып шырымын.
Оянғанда өз кеудеңнен сезесiң,
Кәусар бұлақ кеудесiнiң дiрiлiн.
Жыршы құстар әнге бөлеп түн iшiн,
Қандырады құлағыңның құрышын.
Бұлтты серпiп Ай да тыңдар бұл әндi
Құзар шыңға сүйеп қойып қылышын.
Көк шалғынды жатқан кезде астыңа ап,
Құлағыңа сыбырлайды жас құрақ.
– Ұйықта, ұйықта, ұйықта... – дейдi сыңғырлап
Құлын үндi, құс ұйқылы тас бұлақ.
Дала саған сәбиiңдей еркелер,
Анаң боп та бесiгiңе еңкейер.
Шырт түкiрiп шалқақтама, шырағым,
Онда сенен туған жер де жеркенер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі