Эрозия
Бұл бетте «Эрозия» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақпар-жақпар тастар-ай,
Шың едiң ғой басы бұлт.
Көрiк берген заңғарға,
Қырандардың тұрағы ең.
Өрмелеушi ем асығып,
Сызат берген таңдарға
Қарау үшiн мына мен,
Ендi аяққа бас ұрып,
Жатырсыңдар шашылып,
Жылан жықпал аңғарда
Қотырланып қынамен.
Жылынады жыландар
Жылжып келiп қасыңа.
Құйын қанат қырандар
Қонбайды ендi басыңа.
Жақпар-жақпар тастар-ай,
Күн мен желден сұраңдар –
Өмiр деген осы ма?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі