Түңiлмеңдер ақыннан
Бұл бетте «Түңiлмеңдер ақыннан» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түңiлмеңдер ақыннан
Дыр-думан қуып кеттi деп.
Жүрегi тойға шақырған
Көкiрегiн оның тепкiлеп.
Ақынды жiбер еркiне,
Тепсiнiп жырын оқысын.
Өртесiн өлең өртiмен
Дүниенiң күллi қоқысын.
Сөз берме, мейлi сен оған
Қызынса шыдап ол тұрмас.
Шалқыса да асып шамадан
Шабыты әсте сарқылмас.
Кейiстi мiнез көрсетпе,
Жырына қол соқ, со жетер.
Сәбидей жүрген емшекте
Ақын да қолпаш дәметер.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі