Қолшатырдың қажетi не, қозғама
Бұл бетте «Қолшатырдың қажетi не, қозғама» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қолшатырдың қажетi не, қозғама,
Көк нөсерге көмiлейiк аз ғана.
Сен едiң ғой жаңбыр жауса мәз бола,
Жалаңаяқ жүгiретiн боз бала.
Бүгiн көктiң рақымы түсiп тұр,
Күзелген тал көктем нұрын iшiп тұр.
Жадыңда ма, жайлаудағы терекке
Жаңбыр жауса қорғалайтын күшiк бiр.
Күшiгiңе күле қарап алыстан,
Сен едiң ғой тамшылармен жарысқан.
Жүгiргенде жаңбыр жуып жүзiңдi,
Алғаш саған ақындық дерт жабысқан.
Қолшатырды қозғамашы, тоқталшы,
Алақан тос, қонақтасын көк тамшы.
Тамшы деген – сенiң сәби бейнеңдi
Мәңгi өзiнiң жанарында сақтаушы.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі