Таяқ сатып әперші
Бұл бетте «Таяқ сатып әперші» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасына әкем шақырып бүгiн менi,
Қалың ойын үркiтiп түрiндегi:
– Буын қақсап,
Аяғым бастырмай жүр,
Таяқ сатып әпершi, ұлым, – дедi.
От пен суды көп кешкен майдангердi,
Қайырлатқан кәрiлiк қайдан келдi?
Еуропаны жаяу-ақ кезген сарбаз
Ыңылдайды ерiксiз «әудем жердi».
Есiме алып сонда мен өтемеген
Парызымды
Әкеме мәпелеген,
Бала күнгi өзiмдi елестеттiм:
– Ойыншық сатып әпершi, әке, – деген.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі