Отызға келдік
Бұл бетте «Отызға келдік» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
От басып жүрiп ойланбай,
Отызға кеппiз бiз дағы.
Қара мен ақты айыра алмай,
Көкiрек талай сыздады.
Желiгiп думан-дырдуға,
Жүрген жан қалай аңғармақ –
Кете де жаздап құрдымға
Шықтық-ау талай тал қармап.
Қалмады бiзден қателiк
Қозыдай болып жетiмек.
Оған да кеттi ет өлiп,
Апыр-ау, неткен соқыр ек?!
Сонда да жүрдiк сақтанбай,
Жасайтын жандай жақсылық.
Басылып келе жатқандай
Жынымыз жиырма бақсылық.
Жастықтың күнi кешкiрдi,
Солығын басты махаббат.
Есiрiп жүрiп,
Ес кiрдi
Сәбидей жеген шапалақ.
Кеудемде қалып қойғандай
Көктемнiң соңғы ызғары.
От басып жүрiп ойланбай
Отызға келдiк бiз дағы.
Тағдыр-ау,
Сонша жауыз ба ең,
Қабағың неден суынды?
Сан рет күйген ауызбен
Тағы iшсем бе екен уыңды?
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі