Сен менi iздедiң бе?
Бұл бетте «Сен менi iздедiң бе?» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен менi iздедiң бе, –
Күн алғаш күркiрегенде,
Ақ жаңбыр сiркiрегенде.
Қара бұлт қанатынан от жарқылдап,
Көзiңе нұр түнегенде?
Сол бiр күн есiңде ме? –
Аспанның астауында
Қара бұлт қайнап едi ғой.
Найзағай жарқылдағанда
Жанарың жайнап едi ғой.
Өрмегi ұяңдықтың
Қолымызды байлап едi ғой.
Кенеттен күрсiнiп аспан
Төбеден күркiреп төнген,
Ақ жаңбыр сiркiреп берген.
Бұлттардың қанатына сабаланып,
Екеумiз қайың түбiн паналадық.
Мен сонда көздерiңнен
Қорыққан сыңай көрдiм.
Өзгесiн сезбедiм мен, –
Құшағыма, өйткенi, құлай бердiң.
Сол жерге жиi барам,
Өзiңдi сұрайтындай,
Ақ қайың құшағыма,
Сен болып құлайтындай!
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі