Тау самалы
Бұл бетте «Тау самалы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Ақ самал соқты аңқылдап,
Сабаттар қалды салқындап.
Қанат қақпастан қалқыды,
Қазбауыр бұлттар қаңқылдап.
Қымсынбай соқты төрлетiп,
Құраққа құлаш серметiп.
Бөленiп жатқан бұлақтың
Бесiгiн бипаз тербетiп.
Сақауат сазын сырнайдай,
Сiмiрдi сәуiр бiр қанбай.
Арқасы қозып
Ақ бас шың
Аңқылдай сөйлеп тұрғандай.
Үкiсiн таққан сәндi бау,
Сыланды бейне сал-жырау.
Әңгiмелескендей әкеммен,
Серпiлiп мен де қалдым-ау.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі