Жалғыз емеспін
Бұл бетте «Жалғыз емеспін» атты Алмагүл Жұмажанқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бау-бақта жүрмін жалғызбын,
Жо... жоқ жалғыз емеспін сен барсың.
Иісін иіскеп жалбыздың,
Құстардың үнін тыңдарсың.
Күн нұры болып себелеп,
Қайратымды тыңдарсың.
Гүл теріп жүрмін желігіп,
Сыңғырлап күліп, сыңсимын әсем әуенмен,
Жебейді сен боп мені үміт,
Елшіге келіп әлемнен.
Жаныма қонған серілік,
Бақытқа солай бөленгем.
Балаша сергек секіріп,
Самал жел баяу кетеді ерке аймалап.
Өтірік бәрі өтірік,
Тіршілік солай айлалы- ақ.
Сенімім сен деп жетіліп,
Сағыныш болып толғанат.
Барады өтіп барлық күн,
Бақытты сезім жол қарап.
Көңілімді саған жеткізер,
Эфирге сәлем жолданат,
Толқынға толқын қолқанат.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі